Орталық Азия мемлекеттері арасындағы тауар айналымын 15 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік бар

Жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіндегі баяндама жасады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Орталық Азия елдері арасындағы сауда-саттық қарқынын дәйекті түрде ұлғайту қажеттігін айтты.

«Бірлескен жұмыстың нақты бағыттарына қатысты өзімнің ұсыныстарымды ортаға салғым келеді. Елдеріміз арасындағы сауда-саттық қарқынын дәйекті түрде ұлғайту қажет. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар екені байқалады. Жоғарыда атап өткенімдей, аймақ мемлекеттері арасындағы өзара сауда тұрақты түрде өсіп келеді. Біздің елдеріміздің өзара тауар айналымын алдағы уақытта 15 миллиард долларға дейін жеткізу үшін мол мүмкіндік бар», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан өңірдегі елдерге өз экспортын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ұлғайта алар еді.

«Қазақстан өңірдегі елдерге өз экспортын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ұлғайта алар еді.

Елдеріміздің іскер топтары сауда айналымын кеңейтетін негізгі жетекші күш болуға тиіс деп санаймын. Сондықтан, менің ойымша, оларға қолайлы орта қалыптастыру жұмысына баса мән беру керек.

Кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнату үшін тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынамыз. Мысалы, оны Central Asia Gateway порталы аясында іске асыруға болады»
-деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз