
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы 5 қарашада өтетінін мәлімдеді.
Биыл елімізде алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдер сайланады.
«Қазақстанның пилоттық өңірлеріндегі аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2023 жылғы 5 қарашада өтеді. Сайлау үш қала мен 42 ауданда өтеді»-деді Нұрлан Әбдіров.
Кандидаттың жасы 25-тен кем болмауы тиіс. Сайланған әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.