Жаңалықтар

Жердің құжатын ала алмады: 127 млн еуро қаржы салғысы келген инвестор 3 жыл сергелдеңге түскен

Фото:shutterstock.com

Ақмола облысының ауыл шаруашылығына 127 млн еуро инвестиция салғысы келген кәсіпкер 3 жылдан бері жердің рұқсат қағазын ала алмай, сергелдеңге түскен. Ол абердин-ангус сиыр етін бордақылайтын кешен құрылысын салғысы келген. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана 2 айдың ішінде инвесторлар өз жұмысын бастапты.

 Бұл туралы Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың ірі кәсіпкерлер және инвесторлармен кездесуінде айтылды.

 «Құрылыс бастауға қажет жер учаскелерін және рұқсат құжаттарын ала алмауынан, инвестициялық жобаны жүзеге асыру 3 жылға жуық созылып, тек прокуратураның араласуынан кейін ғана 2 айдың ішінде инвесторлар өз жұмысын бастады», делінген хабарламада.

Өз кезегінде жиынға қатысқан инвесторлар бизнес-ахуалдың жақсарғанына тоқталып, өңірдегі инвестициялық жобаларды қалыпты жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселені атап өткен.

Бұған дейін СІМ жыл соңына дейін Бірыңғай инвестициялық платформа іске қосылатынын хабарлаған.