Фото: kursiv.media
Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіби білім беру саласындаң сұранысқа ие топ 10 мамандық тізімін жариялады.
Министрлік мәліметі бойынша, қазіргі кезде еңбек нарығында:
- ақпараттық технологиялар;
- құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
- •геология;
- тау-кен өнеркәсібі;
- энергетика;
- металлургия және машина жасау;
- көлік;
- байланыс;
- педагогика;
- медицина мамандары сұранысқа ие.
Бұған дейін елімізде 839 жаңа кәсіп пайда болатыны хабарланған. Олардың қатарында ақылды желі жобалаушысы, құрылыс роботы бар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы ҚР Кәсіптердің ұлттық классификаторына өзгерістер енгізбек. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл шара шеңберінде ҚР Кәсіптердің ұлттық классификаторына 900-ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізілмек.