
Атырау облысында құрылыс салушылардың заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасы.
«Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деп күдіктелуде», делінген хабарламада.
Күдіктілердің әрекеттерінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл бойына баспана алмаған. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.