Ұлттық қордың инвестициялық кірісі тамызда теріс қалыптасты – Ұлттық банк

Жарияланды

Теңге бағамының динамикасы мен қаржы нарығындағы соңғы үрдістерге қатысты Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова бірқатар тезистерді алға тартты.

Ұлттық банк басшылығы тамызда сыртқы нарықтардың динамикасын сүзгіден өткізіп, оның «алуан түрлілігіне» баға берді. Сыртқы нарықтың тынысын тануда Джексон-Хоулдағы симпозиумы ерекше зерделеніп, монетарлық саясат тиімдігі талданды. Банк басшылығы инфляцияның баяулағанын қатаң риторикамен байланыстырады:

Қатаң риторика аясында АҚШ долларының DXY индексі тамыз айының қорытындысы бойынша 1,7%-ға, ал дамушы нарықтардағы валюталардың индексі 1,9%-ға төмендеді, – дейді ол.

Төраға орынбасарының хабарлауынша, Қытайдың жаһандық нарықта экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы байқалған.  Дегенмен Қытайдағы әлсіз экономикалық көрсеткіштерге қарамастан, Brent маркалы мұнай тамызда 86,9 долларға дейін 1,5%-ға өскен. Бұған тікелей себеп – Сауд Арабиясының мұнай экспортын рекордтық төмендетуі.

Мысалы, Bloomberg деректері бойынша, тамызда корольдіктегі кен өндіру күніне 5,6 млн баррельге дейін төмендеген-тұғын. Ал шілдеде өндіру көлемі күніне 6,3 млн баррель болды.

Ұлттық валютаның ұтылысы мен ұмтылысы

Тезисте ұлттық валютаның динамикасы өткен айда өзгермелі болғаны айтылады. Дерексерге сенсек, тамыздың қорытындысы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 3%-ға әлсіреген. Бұған қатысты Әлия Молдабекова төмендегідей бірқатар себептерді айрықшалап айтады.

Олар: АҚШ долларының жаһандық нығаюы, Ресей рублінің жергілікті деңгейде ең төмен мәндерге дейін әлсіреуі, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін міндетті түрде сату нормасын тоқтата тұру туралы жаңалықтардың жүруі сынды факторлар.

Мәтін мәніне назар аударсақ, активтердің валюталық үлесін арттыру аясында БЖЗҚ мен ҚДКҚ тарапынан валюта сатып алудың тиімді жүргізілгеніне көз жеткізуге болады. Көрсеткіш – 240 және 93 млн доллар болған.

Төраға орынбасары қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектор (КМС) түсімінің бір бөлігін сатуды міндеттеудің қажеті жоқ деп есептейді.  

Еске сала кетейік, квазимемлекеттік сектор (КМС) түсімінің бір бөлігін міндетті түрде сату жөніндегі норма алғаш рет пандемия кезінде қолданылды және ол дағдарысқа қарсы сипатты білдірді. Ал қазір валюта нарығының тепе-теңдігін ескерсек, валюталық түсімді сатуға қажеттілік жоқ. Сонымен бірге, норманы тоқтата тұру КМС субъектілері үшін валюта ағындарын басқару мүмкіндігін кеңейтеді.

Ұлттық Банктегі алтын-валютаның «айналымы» қандай?

 АВР бір айда 600 млн долларға төмендеп, тамыздың соңындағы жағдай бойынша 33,6 млрд доллар болған. Мұны банк басшылығы алдын ала саралау негізінде алға тартады. АВР төмендеуінің негізгі факторлары –  vемлекеттік борышты төлеу, Ұлттық Банктегі валюталық шоттардан ЕДБ қаражатын төмендету cынды қадамдармен байланысты. 

Тамыздың соңында алтынның бағасы бір унция үшін 1956 доллардан 1944 долларға дейін немесе 0,6%-ға төмендеді. Айдың бірінші жартысында алтын бағасының төмендеуі АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигациялары кірістілігінің өсуіне, сондай-ақ АҚШ доллары индексінің өсуіне байланысты болды. Тамыз айының ортасына қарай, биылғы наурыздан бері алғаш рет алтын бағасын белгілеу бір унция үшін 1900 доллардан төмен түсті. Алайда, кейінірек жұмыссыздық бойынша тамыздағы статистика мен АҚШ ФРЖ-ның «саясатты күшейту» риторикасының шығуы бойынша нарықтық күтулер аясында үрдістің «күрт өзгергені» байқалды, – дейді Әлия Молдабекова.

Сонымен қатар, Әлия Молдабекова Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлеміне әсер еткен факторларды жіліктейді. Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда шамамен 300 млн долларға төмендеп, тамыз айының соңында 59,9 млрд доллар болғанын мәлімдейді. Мұның басты себебін біз төмендегі пікірден қарап біле аламыз:

ФРЖ-ның негізгі мөлшерлемесіне қатысты риторика, сондай-ақ, Fitch рейтингтік агенттігінің АҚШ-тың кредиттік рейтингін «AAA»-дан «AA+»-ке дейін бір сатыға төмендету туралы жаңалығы АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігі мен акциялар нарығындағы сатылымдардың артуына алып келді. Осының аясында барлық актив кластары қысымға ұшырады. Осылайша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі тамызда теріс қалыптасты. Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

Сонымен қатар, инвестициялық кірісітің теріс бағытка кетуіне қарай Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 500 млрд теңге аударылған. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 770 миллион доллар шетел валютасы біркелкі сатылған. Ұлттық қордың шоттарына валюталық түсімдер тамызда «салық апталығы» факторы аясында айтарлықтай өсіп, 940 млн долларды құрады.

Келешекте қаржы нарығы қалай ауқым алады?

Ұлттық банк басшылығы ФРЖ мөлшерлемелерін арттыру бойынша келешекке көз тастайды. Бұл межеге жету үшін дамушы нарықтардың валюталарынан қысымды алып тастау қажет деп санайды. Сонымен қатар, мұнай өндірісінің өріс алуына күмәнмен қарап, өнімді сату көлемінің қысқарғанын бағамдайды. Сауд Арабиясы күніне ағымдағы 9 миллион баррель белгісіне жуық белгіде қалуы мүмкін деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз