Жаңалықтар

Қазақстанда кабельді арналарда хабар тарату қалпына келді

Спутниктік телеарналар хабарлары 16.09.23 ж.10 сағат 11 минутта қалпына келтірілді.Бұл туралы ҚР  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Өзге байланыс сервистерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы «М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық жерсерік жүйесі» командасы елімізде телерадио хабарларын таратуды қалпына келтіру үшін таңертеңге дейін жұмыс істеді.

Сондай-ақ, «KazSat-3»-де осы штаттан тыс жағдайдың туындау себебін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік,15 қыркүйек күні кешкі мезгілде қазақстандықтар кабельдік және OtauTV спутниктік хабар тарату желісі арқылы көрсетілетін телебағдарламалардың тоқтап қалғанын байқаған еді.