

сурет: russian.rt.com
Беларусь 2023 жылы Ресейден бес жүз мың тоннаға дейін астық сатып алады. Бұл туралы «Беларусь 1» телеарнасының эфирінде ел премьер-министрінің орынбасары Леонид Заяц мәлімдеді.
«Не болса да, біз бес жүз мың тоннадан астам артық сатып алмаймыз», – деп атап өтті Леонид Заяц.
Сонымен қатар, сол елдің үкіметі қазір қорда азық-түлік ретінде пайдалануға болатын жүз мың тонна бидай бар екенін мәлімдеді.
Реті келгенде айта кетейік, Министрлер Кеңесінің қаулысымен алыс-беріс қосылған құн салығынсыз жүрмек. Мұның өзі бір тоннаға 12,5 мың ресей рубль деңгейінде сатылғалы отыр.