Ердоған Илон Маскпен кездесіп, Түркияда Tesla зауытын салуға қолқа салды

Жарияланды

фото: ixbt.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте америкалық белгілі кәсіпкер Элон Маскпен кездесу өткізді. Бұл туралы Түркия Президенті жанындағы Қоғамдық істер басқармасы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде хабарлады.

Кездесу барысында экономика, жаңа технологиялардың жай-жапсары сөз болды. Саясаткер миллиардерді Түркияда жетінші Tesla электромобиль зауытын ашуға шақырды. Мемлекет басшысы, сондай-ақ Түркияның ғарыштық бағдарламасымен таныстырып, елдің SpaceX компаниясымен ынтымақтастығына тоқталды, жоғары дәредежегі өзара ынтымақтастық әлеуеттін атап өтті.

Сонымен қатар, Ердоған ел күтпенен мәселемен Илон Маскқа қолқа салды.

Америкалық кәсіпкерді қыркүйек айының соңында Түркияға, Измир қаласында өтетін технологиялық көрмеге қатысуға шақырды.

Еске сала кетейік, Ердоған Нью-Йорктегі кездесу жайлы бұрыннан хабарлаған болатын. Маскпен кездесуінде миллиардердің елге инвестиция құюын талқылағысы келетінін айтқан. TRT Haber мәліметтеріне сенсек, түрік көшбасшысының Америка Құрама Штаттарымен экономикалық байланысты нығайтға қатысты өзіндік дипломатиялық бағдарламасы бар.

Сондай-ақ оқыңыз