фото: ixbt.com
Осы аптада iPhone 15 тұсаукесері өтті. Таныстырылым барысында Apple өзінің жаңа A17 Pro чипінің мүмкіндіктерін ерекшелей сөз етіп, чиптің ойын ойнау мүмкіндігін «артығымен» ұсынатыны айтылды.
Жаңа буынға қатысты жаңа сұхбатта Apple компаниясының басшылар триосы iPhone 15-тің мақтауын асырып, «әлемдегі ең жақсы ойын елшісіне» айналдыру жоспары туралы толығырақ айтты.
IGN Apple компаниясы, GPU бағдарламалық жасақтамасының аға директоры Джереми Сендмейлмен, платформа архитектурасының вице-президенті Тим Миллетпен және iPhone өнімдерінің Дүниежүзілік маркетингінің вице-президенті Кайанна Дрэнспен өзара пікір алмасты.
Платформаға жауапты бас маманның хабарлауынша, Apple-дің басты мақсаты PlayStation 5 немесе Xbox Series S сияқты нақты ойын құрылғыларымен бәсекелесу емес. Қайта компания енді ойын шығарушыларды өзіне тартып, жаңа құралдар мен платформа жасақтауға ден қойып отыр.
– Менің пайымдауымша, біз ойын құрылғыларын дайындауды ширату мен атау беру мәселесіне көңіл бөлеміз. Біздің ойын серкелерімен, консольдермен, текетіресеміз деген ойымыз жоқ. Меніңше, консоль – ойын әзірлеушілердің бас құзап, тізе қосуына арналған ыңғайлы тәсіл. Біз әзірлеушілерге бірдей құралдар жиынтығын ұсыну үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық және олармен табанды түрде жұмыс істейміз, – деді Тим Миллет.
IPhone 15 Pro-ның ойын ойнау үстінде қызып кетуіне, ауқымды, қарқыны жоғары ойындарда өнімділікті сақтай алуына байланысты Дранс былай деді:
Бұл біздің iPhone моделіне арналған артықшылығымыздың бір парасы ғана. Осылайша, біз жүйелі түрде қандай өнімділікті қамтамасыз ететінімізді, оның нақты геймплейде қалай көрінетінін анықтап, керемет кадрларға, жылдамдыққа, мінсіз графикаға жету жолдарын табуда көптеген компандалармен жұмыс істейміз. Мен SoC, бағдарламалық құрал тарапынан көп нәрсе істеп жатқанымызды жақсы білемін. Бұл тамаша тәжірибе болары сөзсіз».
Орайы келгенде айта кетейік, бір апта бұрын соны айфон – iPhone 15-тің тұсаукесері өтті. Негізгі жаңалық -сым арқылы деректерді беру жылдамдығы iPhone 14 Pro-дағы 48 Мбит/с-пен салыстырғанда 10 Гбит/с-қа дейін өсті. Ал қуаттау жылдамдығы өзгеріссіз қалды.