Фото: kursiv.media
«Кселл» АҚ «First Heartland Jusan Bank» АҚ-на кредиттік желі бойынша қарызын жартылай мерзімінен бұрын өтеді. 40 млрд теңге көлемінде қарызын қайтарғанын өз акционерлері мен инвесторларын хабардар еткен хабарлама Қазақстан Қор биржасында жарияланған.
«Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі, 2023 жылғы 8 қыркүйекте «First Heartland Jusan Bank» АҚ талап-хаты негізінде өзінің акционерлері мен инвесторларының назарына 2023 жылғы 02 тамыздағы Компания «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы және «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 3- тармағының 4) тармақшасы негізінде аффилиирленген тұлға және Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға болуына байланысты Компания 2021 жылғы 10 қарашадағы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-мен Бас несие келісіміне сәйкес несие желісі шеңберінде қарыз бойынша негізгі қарызды мерзімінен бұрын ішінара өтеуді жүргізгені туралы ақпаратты жеткізеді», делінген хабарламада.
Өтелген қарыз сомасы 40 млрд теңгені құрады.
Тамыз айының басында Jusan Bank акционері Ғалымжан Есенов Kcell ұялы байланыс операторындағы дауыс беретін акцияларының 10%-дан астамын иеленді. Қазақстан қор биржасындағы жария мәліметке сәйкес, байланыс операторының 51 пайыз акциясына «Қазақтелеком» АҚ иелік етеді. Ал 14,87 пайыз акциясы Ғалымжан Есеновке тиесілі болса, 9,08 пайызы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-нің меншігінде. Қалған 7,06 пайыз акциясы Single accumulative pension fund JSC тиесілі.
Бұған дейін Jusan Bank 32,8 млрд теңгеге «Қазақтелекомның» 9 пайыз акциясын сатып алған болатын.
«Кселл» АҚ басқарма мүшелері 2022 жылға 819 миллион теңге көлемінде сыйақы алғаны хабарланған. Алдыңғы жылы «Кселл» АҚ басқармасының мүшелері 200 миллионға аз алған. Ол жылы сыйақы көлемі 633,6 миллион теңгені құраған.