Жаңалықтар

Жоқтан бар жасау жолы: Украина әскери облигацияларын Еуропада сатуды қолға алды

Фото: shutterstock и wikimedia commons

Украина соғыс шығындарын өтеудің жаңа жолына аяқ басты. Енді басқыншылыққа ұрынған ел ұрысқа кеткен шығынын әскери облигациялар арқылы өндірмек. Әсіресе, Батыс Еуропадағы жеке тұлғаларға арналған әскери облигацияларды іске қосуды көздеп отыр. Ашық айтқанда, бағалы қағаздарды қашықтан сатып, пайда көзін таппақ. Осы аптада украин Үкіметі бұл қадам үшін Investment Capital Ukrainе (ICU) ашатынын мәлімдеді, деп жазады The Wall Street Journal.

Украина билігі қорғаныс бюджетін биыл 30 миллиард доллардан 40 миллиардқа, ал келесі жылы 45 миллиардқа дейін арттырғысы келеді. ICU Макроэкономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Виталий Ваврищук бұған қатысты сыни пайым айтып, үкіметтің қорғаныс саласын құтайтуына қатысты қолға алған шараларын айыптады. Сарапшының пайымдауынша, ұрыс алаңында күш-қуаттан айырылып қалмау үшін қаржыландыру саласындағы бюджеттік олқылықтарды толыққанды түзеу қажет.

Украинадағы қаржылық саясаттан байқағанымыздай, қазір ел республикадағы облигациялардың ішкі нарығын ұлғайтып жатқаны байқалады. Мәселен, қор нарығына 2023 жылы 10 миллиард долларлық бағалы қағаздар орналастырылды. Сонымен қатар, о баста қаржылық іс-қимылдары сатып алуға негізінен Орталық Банк жауапты болса, қазір екі араға жеке секторлар да дендеп енген. Олардың қызметі инфляцияны жүйелеу жолындағы 10 пайыздық кіріс арқылы реттелмек.

Бұған дейін Украинаның премьер-Министрі Денис Шмыгал өткен жылдың соңына бұл әдістің тиімді екенін сөз еткен. Әскери облигацияларды сатудан, шамамен, 200 миллиард гривен (34,9 гривна бағамы бойынша 5,4 миллиард доллар) алуға болатынын жеткізген.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік банктің республикадағы жобаларға, шамамен, 27 миллиард доллар инвестиция салғанын Украина Қаржы министрлігі бұрындары хабарлаған еді. Сондай-ақ, мұндай бағдарға 20 жоба кіретіні айтылған.

Украина әскери облигация есебінен ел қазынасына қаржы құю мәселесін қарастырып жатқанда, америкалық кәсіпкер Элон Маск елдің қарсы шабуылын жүргізу саясатын «сынап үлгерді».

Ірі кәсіпкер Илон Маск Украинаның қарсы шабуыл кезінде көптеген жауынгерден айырылғанын, майдандағы жағдайдың тұрақталуын қамтамасыз ете алмағанын айыптады. Бұл туралы өзінің Х әлеуметтік желісінде жазды (бұрынғы. Twitter).

«Осындай болмашы ғана нәтиже үшін қанша адам қанға төкті», — деп жазды Маск Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).