Жаңалықтар

«Эйр Астана» таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдауда

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Қарабахта Конституциялық жүйені қалпына келтіру мақсатында «терроризмге» қарсы операцияның басталғанын жариялады. Сондықтан «Эйр Астана» таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдауда.

«Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты «Эйр Астана» компаниялары тобының Түркияға, Еуропаға және Израильге рейстер сол аумақты айланып жүзеге асырылады. Әуе компаниясы жағдайды жіті қадағалап, ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдауда»-делінген компания баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Қайта тұтанған қақтығыс: Әзірбайжан Қарабақта «терроризмге» қарсы арнайы әскери операция бастады.