Қайта тұтанған қақтығыс: Әзірбайжан Қарабақта «терроризмге» қарсы арнайы әскери операция бастады

Жарияланды

фото: AZERBAIJAN TODAY

Әзірбайжан Қарабақта «терроризмге» қарсы операцияны бастады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Қарабахта Конституциялық жүйені қалпына келтіру мақсатында «терроризмге» қарсы операцияның басталғанын жариялады.

Әзірбайжанның әуе кеңістігі Армения үшін жабылды.

Сонымен қатар, министрлік операция туралы пікір білдіріп, бейбіт тұрғындардың жапа шекпейтінін айтты:

«Бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалмайды, тек заңды әскери нысандар жойылады», – деді министр.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі армян қарулы күштерінің Ағдам ауданында оқ жаудырғанын мәлімдеді:

«Армян қарулы күштері тағы да Әзірбайжанның әуе кеңістігін пайдаланатын авиакомпанияға тиесілі жолаушы ұшақтарының жүйелерін бұзатын радио кедергілерді қолданды. (…) Әзірбайжан аумағында уақытша орналасқан Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Әзірбайжан армиясының Ағдам ауданына қарай Артиллериялық қондырғылардан оқ жаудыруда. Біздің тиісті бөлімшелеріміз осы бағытта жауап қайтарып жатыр», – деді министр.

Сондай-ақ оқыңыз