Агроөнеркәсіптегі проблемалар Ресей астығы нарыққа кірген кезде басталды – депутат

Жарияланды

фото: kursiv.media

Агроөнеркәсіптегі үлкен проблемаларды Ресей астығының нарыққа кіруімен байланыстырған мәжіліс депутаты Альберт Рау биылғы жиын-терім ауқымына, «кешігіп жеткен» 155 млрд теңге субсидия мәселесіне мән берді:

«Ашығын айту керек, аграрлық сала тарихын еске алсақ, мұндай қиындығы көп болған жылды біздің ақсақалдарымыз да көрмеген шығар. Астық бағасы қатты құлдырап, ресейлік астықтың нарықты жаулаған кезі осы уақытқа дейін «болған емес». Иә, мемлекеттің субсидияларды төлеу туралы тапсырмасы болды, бұл субсидиялардың мерзімі өтті, бірақ түбегейлі жағдайды өзгертпейді. Қазіргі кездегі ең маңызды мәселе – келесі жылы не себеміз және қалай себеміз? Келесі жылы аграрлық егін жинау науқанында қандай табыс болады?..»

Сонымен қатар, мәжіліс депутаты жиын-терім науқанына тоқталды:

«Қазір біз әлі толық жиналмаған егіннің сапасы мен құрылымын алдын ала білеміз. Бұл салада миллиартар жоғалтатынымыз анық. Әрине, төленетін субсидиялар тікелей қаржылық қолдау емес, төлеуге тиісті қарыз».

Депутат астық мәселесіне келгенде табиғи факторларды есепке ала бермейтіні байқалады. Ол өз сөзінде барлық мәселенің бастауын ресейлік астық өнімдерінің Қазақстан нарығына келуімен баланыстырады.

«Проблема – астық нарығы құлдыраған кезде, ресейлік астық елге кірген кезде басталды», – деді депутат.

Еске сала кетейік, үкімет отырсында баяндама жасаған АШМ басшысы Айдарбек Сапаровтың  егін алқабының 1/3-і ғана жиналғанын айтты. Жалпы биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 17,3 млн. гектардан жиналуы тиіс еді.

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдың кесірінен зардап шеккен 350-ге жуық шаруаның шығынын өтеуге Үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке солтүстік өңірлердегі астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз