Фото: kursiv.media
Ақтөбе облысында прокуратура органдарының араласуымен 7,3 млрд теңге инвестиция салуға ниетті инвесторлардың 2 мәселесі шешімін тапты.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, «Эрудит Бизнес» ЖШС «Эрудит» жеке бизнес мектебін салып жатыр. Жобаны іске асыруға Біріккен Араб Әмірліктерінен инвесторлардың қаражаты тартылған.
Алайда жыл басында инвесторға бөлінген жер учаскесі инфрақұрылым және коммуникация желілерімен амтамасыз етілмегені анықталған.
«Фронт-офис алаңындағы жұмыс кездесуінің нәтижелері бойынша «Эрудит Бизнес» ЖШС-ні қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және инвестордың қажеттіліктеріне жауап беретін учаске бөлу туралы мәселе шешілді», делінген хабарламада.
Тағы бір мысал, «Мұнайхим ЛТД» ЖШС былтыр жыл соңынан «химиялық реагенттер өндіретін зауыт құрылысын қолға алған. Алайда ол қажетті газ көлемінің болмауына байланысты өз өндірісін бастай алмапты.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ және басқа да уәкілетті органдардың басшылығымен жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша қажетті газ көлемін бөлу сұрағы шешілді. Қазіргі уақытта зауыт іске қосылды», деп хабарлайды прокуратура.
Инвесторларды қолдау прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, қаржы мониторингі агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Атамекен» ҰКП және «Kazakh Invest «ҰК» АҚ өкілдері бар арнайы құрылған фронт-офистер арқылы жүзеге асырылады.
Бұған дейін жердің құжатын ала алмаған инвестор 3 жыл сергелдеңге түскенін жазғанбыз. Ол елімізге 127 млн еуро қаржы салғысы келген болатын.
Жаұында СІМ жыл соңына дейін Бірыңғай инвестициялық платформа іске қосылатынын хабарлаған.