Жаңалықтар

Әкімдік ескертуі: Алматыда салынып жатқан 31 тұрғын үй кешенінен баспана сатып алмаған жөн

Фото: kursiv.media

Алматы әкімдігі сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады.

Алматы қаласы құрылыс бақылау басқармасы рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялаған. Ол тізімге енген үйлердің кейбірі жобадан ауытқыған, кейбірінің сәулет жоспарлау тапсырмасы қайтарылып алынған. Сондай-ақ бұл үйлердің біразында эскиздік жобасы мен сараптама қорытындысы жоқ болып шыққан.

Бұл үйлер тізімінде «Sky Club House» ТҮК, «Kairat» ТҮК, «ALATAUHOUSE» ТҮК, «Apple Park» ТҮК, «Мұнартау» ТҮК, Таунхаус (атауы белгіленбеген), «Бағанашыл» ЖТҮК, «Рriority» ТҮК клуб үйі, «Sofia Village» таунхаусы, «Питтсбург» ТҮК, “Sky  Park, «Dostar Deluxe» ТҮК, «Verona» ТҮК, «DEMEU Residencе» ТҮК, «Auezov Apartaments» ТҮК, «Tole BI Residence» ТҮК, «Castle Rock» ТҮК, «Rich» клуб үйі, «KHAN» ТҮК, «Graff» ТҮК, «Esentai terrace» клуб үйі , «Alma Garden» клуб үйі, «Chelsea Club House» клуб үйі, «Flora» ТҮК, «Lantana» тұрғын үй кешені бар.

Ал Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағынауданында орналасқан «Французский дом» тұрғын үй кешенінің нысаналы мақсаты – шаруа қожалығын жүргізу болған. Алайда бұл орында жеке тұлға тұрғын үй кешенін салуға тапсырыс берген. Қазіргі таңда ҚР ӘҚБтК 316-бабы 1, 321, 462-бабы 3-бөлігі бойынша шаралар қабылданып, нысанды бұзуға қатысты сот процестері жүргізіліп жатыр.

Қала құрылысын бақылау басқармасы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, салынып жатқан құрылыстың құжаттар пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынады. Қандай да бір тұрғын үй кешеніне қатысты ақпаратты қала құрылысын бақылау Басқармасының анықтамалық нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.