Жаңалықтар

Кеше Қарабақта тұтанған қақтығыс қалай өрбіді?

Фото: comments.ua

Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей бітімгерлерінің Таулы Қарабақтағы ең қауіпті аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялағанын хабарлап, Әзірбайжанның «атысты тоқтату» қарарын бұзағанын айтты.

Ресей тарапы не дейді?

Ресей федерациясының Қорғаныс министрлігнің мәліметінше, Ресей әскери күштері айақтағы жағдайды бақылауды өз мойнына алады. Сонымен қатар, атысты тоқтату режимінің сақталуын бақылайды.

«19 қыркүйек сағат 12:00-ден бастап Ресейдің бітімгершілік контингенті Әзірбайжан тарапынан атысты тоқтату режимін бұзғанын айғақтайтын көптеген фактілерді анықтады. Бүкіл байланыс желісі бойынша тіркеді», – делінген хабарламада.

Қанша тұрғын эвакуацияланды?

Ақпаратқа сенсек, қақтығыс аймағынан 469 адам, оның ішінде 185 бала эвакуацияланған. Медицина қызметкерлері жараланған тоғыз азаматқа, оның ішінде төрт балаға көмек көрсеткен.

Түркия тарапының ұстанымы

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжанның Таулы Қарабақта бастаған «терроризмге қарсы операциясын» қолдады. Бұл туралы ол БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.

Жағдайдың жай-жапсары

19 қыркүйекте Әзірбайжан мемлекеті Таулы Қарабақ аймағында «терроризмге қарсы іс-шараларды» қолға алғанын мәлімдеді. Әзербайжан СІМ-і аймақтағы бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы – Армения әскери күштерін Қарабақтан толық шығару және Степанакерттегі қатаң «режимді» құрту деп мәлімдеді. Армения қақтығыстан басын ала қашып, өз контингентінің Қарабақта болуын жоққа шығарады.

Таулы Қарабақтағы қорғаныс күштері Әзербайжан әскерінің ішкі шекараға дендеп еніп келе жатқандығын айтады. Бұл жағдайда «әскерлер қатты қарсылық көрсетіп жатқанын» айтады.

Арцах аймағынндағы әкімшілік өкілдері қақтығыс салдарынан 25 адамның қаза тапқанын хабарлады. Көптеген жаралылар бар екені белгілі болды.

Сонымен қатар, министрлік операция туралы пікір білдіріп, бейбіт тұрғындардың жапа шекпейтінін айтты:

«Бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалмайды, тек заңды әскери нысандар жойылады», – деді министр.Пашинян.

Пашинян Армения халқының қақтығыс қимылдарына қатыспайтынын айтты. Әзірбайжан операциясының мақсаты Арменияны «толыққанды соғысқа»тарту деп санайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Эрменстан (Армения) тарапы Әзербайжанның жалған мәлімдеме жасап отырғанына шағым айтты.

«Бұрынғыдай, Әзірбайжанның ресми хабарламалары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жалған мәлімдеме жасау жалғасып жатыр. Оған сексек: Таулы Қарабақта Арменияның әскери бөлімшелері, техникасы және жеке құрам бар.
РА Қорғаныс министрлігі бірнеше рет Армения Республикасының Таулы Қарабақта әскері жоқ екенін мәлімдеді және тағы бір рет мәлімдейді».

Келте келісімдер жайы.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың мамырында Ереван мен Баку бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындауға келіскен. Бұл туралы 25 мамырда Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында белгілі болды.

22 мамырда Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі ретінде тануға Арменияның дайын екенін мәлімдеді. Тек Таулы Қарабақтағы армян халқына қауіпсіздігіне кепілдік берілуін сұрады.

Қазақстан ше?

Естеріңізде болса, ҚР Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасаған еді.

«Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасы Әзірбайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдауын тағы да растайды, сондай-ақ барлық мәселелерді БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды», делінген СІМ мәлімдемесінде.

Ел президенті Тоқаев болса 2022 жылдың тамызында Әзербайжанның жаңа даму кезеңі аймақтық тұтастығын қалпына келтіргеннен кейін бастау алғанын айтқан. Ол Әлиевпен кездесуде «Әзірбайжан өз дамуының жаңа дәуіріне» «аумақтық тұтастықты жеңіспен қалпына келтіргеннен» кейін аяқ басқанын мәлімдеді.

Дегенмен Қазақстан билігі әзірге «терроризмге қарсы іс-шараларға» қатысты ресми мәлімдеме жасамады.

Даудың басы… Армения мен Әзірбайжан 1988 жылдың ақпанынан бастап тау үшін таласқа түскен. Әзірбайжан КСР құрамынан шыққанын жариялаған кезде Таулы Қарабақ үшін қақтығыс басталып кетті. Аймақтағы жағдай 2020 жылдың 27 қыркүйегінде шиеленісіп, ірі қақтығыстар басталды. 2022 жылдың сәуірінде әзірбайжан-армян күштері бір-біріне зымыран атқылады.