«KPI Inc.» ЖШС газ-химия кешені жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтап, полипропилен өндіруді бастады. Бұл туралы https://www.kmg.kz/ сайты хабарлады.
Кешеннің барлық технологиялық қондырғылары штаттық режимге шығарылды. Алдымен пропилен өндіріліп, кейін тауарлық өнім параметрлеріне сәйкес келетін полипропилен алынады.