Жаңалықтар

Британдық Nostrum Oil-дың Қазақстандағы еншілес компаниясы салықтан жалтарғаны үшін миллиардтаған айыппұл төледі

Фото: kursiv.media

Британдық Nostrum Oil & Gas Plc еншілес компаниясы «Жайықмұнай» ЖШС 9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы және 2 млрд теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасынан хабарлады.

«Жайықмұнай» ЖШС-мен мемлекеттік бюджетке облыс прокуратурасының шаралары бойынша 9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы төленді. Бұдан басқа, 2016-2021ж.ж. кезеңінде ҚҚС және КТС сомаларын төмендеткені үшін компанияға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 278-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынып және 2 млрд.теңге сомасына айыппұл салынды, ол толық көлемде өтелді», делінген хабарламада.

Осылайша, «Жайықмұнай» ЖШС бюджетке 11 млрд теңге төленді.

«Nostrum Oil & Gas PLC компаниясы Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев кен орнын бұрғылау бағдарламасын бекіткені компанияның Лондон қор биржасында жариялаған құжатында мәлімделген болатын.

Nostrum Oil & Gas PlС меншігіндегі — Чинарев кен орнын өңдеу туралы келісімге 1997 дылы Өнімді бөлу туралы мәміле аясында қол қойылған. Ал, бұл учаскеге берілген лицензия мерзімі 2031 жылы аяқталады.

Nostrum Oil & Gas Plc – мұнай мен газ өндірумен және Каспий маңы ойпатындағы мұнайгаз кен орындарын барлау және өңдеумен айналысатын тәуелсіз мұнайгаз компаниясы. Қазақстандық «Жайықмұнай» ЖШС – осы компанияның еншілес ұйымы.

«Жайықмұнай» ЖШС мұнай мен газ конденсатын барлау, өндіру және сатумен айналысатын мұнайгаз кәсіпорны. Компанияның өңдеу жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар Чинарев кен орны мұнайға бай Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Ол Қазақстанның Ресей шекарасына жақын аймақта.

Nostrum Oil & Gas PLC 2023 жылдың 30 маусымында аяқталған екінші тоқсан мен алты айдың қаржылық нәтижелерін жариялаған болатын.  Топтың кірісі 52,8 миллион долларды құрады. 2022 жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 107,8 миллион доллар болған. Себебі Brent маркалы мұнайдың орташа сатылған бағасы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында барреліне 104,7 доллар болса, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 79,9 долларды құрады. Сонымен бірге, кірістің төмендеуі өндіріс көлемінің қысқаруына және оған орташа бағаның салыстырмалы түрде төмендеуіне де байланысты.

EBITDA1 15,5 миллион АҚШ долларын және EBITDA1 маржасы 29,4%-ды құрады.Ал 2022 ж. 1-ші жартыжылдықта 68,8 миллион АҚШ доллары, сәйкесінше маржасы  63,8%-ды құраған. 2023 жылғы 30 маусымдағы ақша қаражатының шектеусіз қалдығы $192 млн болды.

Жұмыс өнімділігіне келер болсақ, өңдеуден кейінгі орташа тәуліктік өнім 10 048 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 14 167 тонна болған. Орташа тәуліктік сату көлемі 9 020 долларды құрады. 2022 жылдың 1 жартыжылдығында ол 13 102 доллар көлемінде болды.