Бұрынғы Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Президенттің кеңесшісі болды

Жарияланды

Жақында ғана Экология министрі қызметінен алынған Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Елімізде президент жолдауынан кейін кадрлық ауыс-түйіс болып, бірқатар министр қызметінен босатылған болатын. Экология және табиғи ресурстар министрі Зулфия Сүлейменова да лауазымынан босатылған болатын. Ол министрлер кабинетіндегі ең жас министр еді.

Зүлфия Сүлейменова 2023 жылдың қаңтарынан бастап Экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды. Ол 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған Зулфия араға алты жыл салып, Экология министрлінде басшылық қызметке келген.

Алайда министрліктегі жұмысы ұзаққа созылмай, бір жылдан кейін VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

 

Жаңалықтарды телеграм каналымыздан оқыңыздар -->

Сондай-ақ оқыңыз