Қазақстанда еңбекке жарамды әрбір 2 адамның біреуінде жеңіл автокөлік бар

Жарияланды

фото: kursiv.media

Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің саны 4,5 млн-ға жуықтады. Сондай-ақ, елімізде тіркелген жаңа автокөліктер саны артқан. Ұлттық статистика бюросы тіркелген жеңіл автокөліктерге қатысты мәлімет жариялады. Бюро мәліметі бойынша, 2023 жылдың шілдесінде 157,469 бірлік жеңіл автокөліктер есепке алынған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 82%-ға және маусыммен салыстырғанда 6%-ға аз.

Мәселен, 2023 жылғы 1 тамызда Қазақстанда бойынша 4,41 млн тіркелген жеңіл автомобильдер болған. Пайызға шақсақ, атаулы көрсеткіш елдегі барлық автокөлік құралдарының 88%-ына тең екендігін бағамдаймыз.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдың II тоқсанында тіркелген еңбекке қабылетті адам саны шамамен 9,6 млн адам екенін ескерсек, жұмыс күші саналатын әр екі адамның бірінде темір тұлпар бар деген сөз.

Соның ішінде елімізде 2,2 млн адам (23,8%) өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Өз кәсібін өрге сүйрегендердің жеңіл көлік қызметіне жүгініп, кәсібін нәсібіне айналдырып отырғанын да ескеру орынды.

Қазақстандықтардың «ат ауыстырып міну, көлік ауыстырып тізгіндеу» үлесі де жыл сайын артып келеді. Мәселен, жылдың алғашқы жеті айында барлығы 1,04 миллион жеңіл автокөлік тіркелген, бұл 2022 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда 73,4%-ға көп.

Сонымен қатар, шыққанына 10 жылдан астам уақыт болған жеңіл автомобильдер тіркеуі шілде айында 63,6%-ға дейін күрт төмендеген. Мұндай күрт құбылыс маусым айындағы 69,3%-дық шырқаудан кейін байқалды.

Айтқандай, Қазақстан автодилерлерінің деректері бойынша, тамыз айындағы жаңа автомобильдер сатылымы 17 202 бірлікті құрады, бұл 2022 жылдың тамызға қарағанда 59,5% артық. Жыл басынан бері қазақстандық дилерлер барлығы 120 322 авто сатқан (жылына+60,5%).

Сондай-ақ оқыңыз