Қазақстанда тәуліктік мұнай өндіру көлемі соңғы 3 айдағы ең жоғары деңгейге жетті

Жарияланды

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артып келеді. Фото: kursiv.media

Тәулік бойынша мұнай өндіру көлемі соңғы 3 айдағы ең жоғары деңгейге жетті. 21 қыркүйектегі есеп бойынша Қазақстанда 256,2 мың тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген. Бір апта ішінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі 13,2%-ға немесе 30 мың тоннаға артып отыр. Айта кету керек, аталмыш деңгей – 3 айдан астам уақыт ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. 9 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта мұнай өндіру межесінің мұншалықты артқанын ҚР ОЭК Ситуациялық-талдау орталығы дәйектеп отыр.

Қазақстанда қара алтын өндіру ісі қайта жандана бастады. Естеріңізде болса, 11 қыркүйекте 213,8 мың тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген еді. Мұндай көрсеткіш тәулік бұрынғыға қарағанда 12,2%-ға (29,7 мың тонна) аз шыққан.

Ашығын айтқанда, өндірістің бәсеңдеткен – MAЭК-тегі апат еді. Жоғарыдағы көрсеткіш MAЭК – те апат болған 2023 жылдың 3 шілдесінен бергі ең төменгі деңгей ретінде есте қалды.

Редакциямыз кейін ,31 шілдеде, күнделікті мұнай өндіру 249,9 мың тоннаға жеткенін хабарлады. Қыркүйек айында жағдай жақсара бастады. Осы айдың бірінші онкүндігінің орташа деңгейі 243 мың тоннаға жетті. Бірақ бұл жолы өсім қайта төмендеген. Бүгін Бірінші кредиттік бюро, деректерді талдау орталығы бір апта ішінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі 13,2%-ға жеткенін мәлімдеді.

Қазақстанда газ өндірудің тәуліктік көлемі де қалпына келе жатқаны байқалады. Қазір газ өндірісінің көлемі 172,4 миллион текше метрді құрайды, бұл 11 қыркүйекте белгіленген 11 айлық минимумнан екі есе көп (92,4 миллион текше метр).

Айта кететін жағдай, 11 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында газды кешенді дайындау қондырғыларының бірінің жұмысы тоқтатылды. 11 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында Қарашығанақ кен орнында 3- газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ) жоспарлы, алдын-ала жөндеу жұмыстары үшін толық тоқтағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз