Таразда Қазақстан мен Қырғызстанның Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтуде

Жарияланды

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері басшыларының қатысуымен екі елдің Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтуде. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның I Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз