Елде сол жақ радикалды қозғалыстар ұйымдастырған 116 манифестация өтті. Нәсілшілдік пен полицияның зорлық – зомбылығына қарсы жаппай шеруді негізінен солшыл ұйымдар ұйымдастырады, деп хабарлайды euronews.com агенттігі.
Парижде манифестация кезінде наразылық білдірушілердің қасында полицияның көлігіне тас лақтырып, банк филиалын талқандаған жүздеген қара киімді адамдарда болды.
Үш ай бұрын Нантерде тексеру кезінде полиция қызметкері өлтірген 17 жасар жасөспірімнің өлімі бүкіл Францияда тәртіпсіздіктер тудырды.