Қазақстандықтардың зейнетақы жинағынан Оман еліне қарыз берілген

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор
ЕНПФ
Фото: Асқар Ахметуллин

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағынан Оман еліне қарыз берілген. Бұл туралы Бірінші несие бюросы жазады.

БЖЗҚ есебіне сәйкес, тамыз айында Ұлттық банк 2017 жылдан бері алғаш рет Оманның долларлық облигацияларын сатып алған. Оған жұмсалған қаржы шамамен 34 млрд теңгені құрайды. Бұл бір айда құнды қағаздарға салынған инвестицияның шамамен 9 пайызына тең.

Инвестицияның негізгі бағыты АҚШ үкіметінің мемлекеттік қарызы – 200,3 млрд теңге. 55 млрд теңгеге еліміздің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынған.

346,6 млм теңге көлемінде өтелген облигацияның басым бөлігі АҚШ мемқарызына тиесілі, бағалы қағаздарыды сату келісімі жүргізілмеген.

2023 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс 782,3 млрд теңгені құраған.

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 16 366,61 млрд теңге көлемінде қалыптасты.

Маусым айында БЖЗҚ алғаш рет АҚШ-тың борыш қағаздарына инвестиция салмағанын хабарлады.  Бұл ретте БЖЗҚ бір жарым жылдық үзілістен кейін Марокко мен Панама мемлекеттік облигацияларын сатып алуды қайта бастаған.

1 шілдеден бастап, әлеуметтік кодекске өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беруге болатын компаниялар тізімін жариялады.

Олар:

  • «First Heartland Jusan Invest» АҚ
  • «BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит»АҚ еншілес ұйымы
  • «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ)
  • «Сентрас Секьюритиз» АҚ
  • «Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкі ЕҰ» АҚ
Сондай-ақ оқыңыз