Жаңалықтар

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов «батыр» атағын алды

Фото: Ашық дереккөздерден

Сердар Бердімұхамедов «Түркіменстан Батыры» атағын алды. Бұл туралы «Түркіменстан: Алтын ғасыр» интернет-басылымы хабарлаған.

«2023 жылдың 24 қыркүйегінде Ашхабадта өткен халық мәслихатының отырысында Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов салтанатты жағдайда Түркіменстан Батыры атағын алды», деп жазады басылым.

Бұл атақ ел парламентінің шешіміміен берілген. Салтанатты шарада Мәжіліс Төрағасы Д.Гүлманова «Түркіменстан Президенті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедовке «Түркіменстан Батыры» атағын беру туралы» Парламент қаулысын оқыған.

Қаулыда «Түркіменстанның Батыры» жоғары атағы – Мемлекет басшысына ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан жеке үлесі, тұрақты және өзгермейтін бейтараптық қағидаттарына адалдығы, Түркіменстанның халықаралық беделін арттыру, мемлекеттіліктің нығаюы және шет елдермен достық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін берілгендігі жазылған. Бұл марапатты беру рәсімі Түркіменстан тәуелсіздігінің 32 жылдығына орайластырылған.