Бұрынғы ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі сенатор болды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Дархан Қыдырәлі сенат депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент сенатының депутаты Асқар Шәкіровтің өкілеті тоқтатылды. Оның орнына Дархан Қыдырәлі сенатор болып тағайындалды.

Айта кетейік, Дархан Қыдырәлі 2022-2023 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды. Президенттің 1 ықркүйектегі жолдауынан кейін министрліктің құрылымы өзгеріп, Мәдениет және ақпарат министрлігі құрылды. Бұл ведомствоны қазір Аида Балаева басқарады.

Дархан Қыдырәлі 2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті болды. 2016 жылдан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тұрғанда еліміздегі жастар тізіміне 35 жасқа толмаған азаматтар кіретін заң қабылданды.

Сондай-ақ ол телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлерін көрсетуге шектеу қойылу туралы бастама көтерді.

Сондай-ақ оқыңыз