Жаңалықтар

Қазақстанда 3,3 млн тұрғын сақтандырылмаған – Денсаулық министрі

Фото: kursiv.media

Еліміздің 3,3 млн халқы сақтандырылмаған. Бұл жайлы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Бұл саланың өзекті мәселелері де бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 млн халық сақтандырылмаған күйінде қалып отыр, ең көп саны Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында байқалады», деді министр.

Ол сонымен бірге медициналық кадрларға деген қажеттілік әлі де сақталып отырғанын, әсіресе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында кадр тапшылығы жоғары екенін айтты. Министрдің айтуынша еліміздің 200-ден астам ауылында медициналық объектілер мүлде жоқ.

«Медициналық объектілердің инфрақұрылымы әліде жеткіліксіз. Бүгінде 200-ден астам ауылдық елді мекенде медициналық объектілер жоқ, ғимараттардың тозуы 56%-ды, медициналық техникамен жарақтандыру -50%-ды құрайды», деді Ажар Ғиният.