KEGOC SPO аясында орналастылған акцияларының бағасын жария етті

Жарияланды

KEGOC АҚ компаниясы Қазақстан қор биржасының (KASE) ақпараттық бағанында орналастырылатын акция саны мен оның құны туралы ақпарат ұсынды.

Құжатта:

«KEGOC» АҚ-ның жай акцияларының саны 15 млн 294 мың 118 данадан аспайтын мөлшерде, бірақ кез келген жағдайда «KEGOC» АҚ акцияларының жарияланған саны шегінде [нарыққа орналастырылсын], – деп жазылған.

Өзгерген ереже мәтінінде «KEGOC» АҚ-ның 1 жай акциясы үшін өтінімдер жинау 1 482 теңге мөлшерінде баға көрсетілген.

Қоғам акционерлерінің жалпы бас қосуында алты айдағы қаржылық есептеменің бекігені айтылады.

Сонымен қатар, компаниядағы дивидендтік саясат туралы ережеге өзгерістер енгізу, жай акциялар санын жіктеу, компания жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі де күн тәртібіне шыққанын көріп отырмыз.

Қоғам акционерлері алты айдағы жартыжылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу туралы мынандай тоқтамға келеді:

Дивидендтер төлеуге 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «KEGOC» АҚ-тың 87,8% таза табысының 20 212 291 941,40 теңге мөлшерінде
«KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына бөлінсін;

Демек, акционерлер жартыжылдықта электр компаниясы қоржынына түскен 20 млрд 212 млн 291 мың 941 теңге 40 тиынды жай акция тізгінін ұстағандарға бөлуді қарастырады.

Бұдан бөлек, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «KEGOC» АҚ таза табысының 12,%-ын құрайтын 2 805 066 058,60 теңге акционерлік қоғамды дамыту мақсатында жұмсалатыны нақтыланды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдықтағы «KEGOC» АҚ-ның бір жай акцияға есепегендегі дивиденд мөлшері 77,74 теңге сомасында болды. Алғашқы жартыжылдыққа қатысты диаидент төлеу мерзімі де нақтыланды: 2023 жыл, 16 қазан.

«KEGOC» АҚ-ың ішкі бетбұрыстары дивидендтік саясатқа өзгеріс әкелері сөзсіз. Сондықтан да компания акционерлері ережені өзгертіп, компания саясатын жүйелейтінін де жеткізген.

Айта кетейік, жыл соңына дейін KEGOC акцияларының 5%-ы SPO-ға шығарылатыны хабарланған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» жариялаған акцияларды мемлекеттік тіркеуге алған еді.

Ал компания болса, жақында компания 2023 жылдың бірінші жартыжылдықтағы қызметін қорытындылап, 23 млрд теңге таза пайда тапқанын мәлімдеді. 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда негізгі қызметтен түсетін кіріс 11 572 млн теңгеге немесе 11,3%-ға өсті, оның 10 061 млн теңгесі реттелетін қызметтер бойынша тарифтер мен көлемнің өсуі нәтижесінде қалыптасқан.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады. Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етіп басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 шақырым болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциялары бар.

Компанияның 90 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі болса, 7,5 пайыз акциясы БЖЗҚ-ға тиесілі. Қалған 2,5 пайыз акциясы 2014 жылы өткен «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында жеке инвесторларға сатылған.

Сондай-ақ оқыңыз