Киіктер реттелуі тиіс жануарлар тізбесіне енгізілді

Жарияланды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізді. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің бапасөз қызметі хабарлады.

№ р/сЖануарлардың түрлері
1. Сүтқоректілер:
1.1Қасқыр
1.2Шибөрі
1.3Киік
2. Құстар:
2.1Қарға
2.2Үлкен суқұзғын
3. Балықтар:
3.1Жыланбас (арал-сырдария популяциясынан басқасы)

 «Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерiнің тізбелерін бекіту бойынша өзгеріс енгізілді»-делінген заңнамада.

    Айта кетейік осы күзде елдегі ақбөкен саны 2,6 миллионға жетеді. Бұлайша популяцияның өсуі өңірлердегі шаруаларды шығынға ұшыратып, жайылымдық жерлердің тапшылығын тудыруы мүмкін. Биылдың өзінде ақбөкендер елімізге 12 млрд теңгеге жуық шығын әкелген.

Сондай-ақ оқыңыз