Доллар бағамы бірден 6 теңгеге дейін көтерілді

Жарияланды

фото: kursiv.media

Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күні доллар күрт қымбаттады. Доллар бағамы бірден 6 теңгеге дейін көтерілді.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 482,24 теңгені құрап, 5,19 теңгеге өсті.

Айта кетейік, Ұлттық Банктің 27 қыркүйектегі ресми бағамы бір доллар үшін 476,89 теңгені құрайды.

Kurs.kz. деректері бойынша, Алматының ақша айырбастау пункіттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 478, 5 теңгеге, сату – 481.5 теңгеге тең. Астана ақша айырбастау пунктерінде америкалық валютаны орта есеппен 478,92 теңгеден сатып алады, 483 теңгеден сатады.

Сондай-ақ оқыңыз