Елімізде консервіленген ақбөкен еті пайда болуы мүмкін бе?

Жарияланды
Коллаж: kursiv.media

Қазақстанда ақбөкен етінен консервілері пайда болуы мүмкін. Бұл консервілерді Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті ет зауыттары дайындауға әзір. Бұл туралы бірнеше ақпарат құралы жазды. .

Жалпы, елімізде ақбөкенді өнеркәсіптік жолмен азайту шаралары қолға алынып жатыр. Ақбөкендерді ұстап, сойып, зауытқа өткізумен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері айналысады.

Батыс Қазақстан облысында үш зауыт киік етін қабылдап, қайта өңдеуге дайын деп жазды Informburo,

Елімізде шамамен 200 мың ақбөкен ауланады деп жоспарланып отыр. Құнды саналатын ақбөкен мүйізі таңбаланып, арнайы мемлекеттік кәсіпорындарда 2025 жылға дейін сақталып, кейін сатылатын болады. Ал зауытқа жіберілетін ет Ет ауру мен инфекцияға тексеріледі.

«Охотзоопром бұл жұмысқа жергілікті тұрғындардан аңшыларды тартады. Киіктер үлкен торға қамалып, кейін сойылады», – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов.

Ақбөкеннің шикі еті қала базарларына да шығуы мүмкін.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашевтың айтуынша, кәсіпорындар ауысымына 1000-ға дейін мал союға дайын.

Осылайша, екі айдың ішінде кәсіпорындар 120 мың бас ақбөкеннің етін өндіріске жібере алады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізгенін жазған едік.

Еске сала кетсек, Қазақстан бойынша ақбөкендердің жалпы саны 1,9 млн басқа жеткен. Ал күзге қарай төлдеу науқаны аяқталғанда ақбөкендер саны 2,6 млн-ға жетеді деп болжанып отыр. Жалпы Кеңес өкіметі тұсында киік басы ең көп дегенде 1,2 млн-ға дейін ғана көтерілген екен. Әлем бойынша ақбөкендер популяциясының 98%-ы Қазақстанды мекендейді. Яғни еліміз 300 мың бас киік санын 2,6 млн-ға көтерген. Екі миллионға жуық киіктен келген шығын 12 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз