Қазақстан «Байқоңырды» жалға алу ақысын көтермейді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін Ресейден алатын жалдау ақысын индексациялауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

«Байқоңырды» жалға алу ақысы өзгеріссіз қалады. Комитет басшысы журналистердің «инфляция мен валюта бағамының ауытқуына байланысты Қазақстан Ресей Федерациясы үшін жалға алу ақысын өзгертпекші ме?» деген сауалына осылай деп жауап берді.

«Біріншіден, мұны қандай да бір нәрсемен салыстыру өте қиын. Бір ел екінші елден ғарыш айлағын жалға алу бірегей жағдай, мұндай басқа еш елде болмаған. Бағаның қаншалықты әділетті екенін айту үшін оны салыстыратын ештеңе жоқ. Екіншіден, келісім доллармен жасалған, сондықтан төлемдер ұлттық валютамен жүргізілсе де, ол қазіргі валюта бағамы бойынша төленеді. Бұл да индексацияның бір түрі», – деп түсіндіруге тырысты Руслан Әбдіқалықов.

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы келісімнің доллар бағамы мүлде басқаша болған 1994 жылы жасалғанын атап өтті.

«Қазір біз басқа сома туралы айтып отырмыз және бұл белгілі бір дәрежеде индексациялау қажеттілігін өтейді. Сондықтан, Қазақстан «Байқоңырды» жалға алу ақысын қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ», – деп түйіндеді сөзін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі.

Еске сала кетсек, 62 жыл бұрын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғаш рет адам ғарышқа ұшты. Содан бері нысанны ұшу алаңынан қанша зымыран көкке көтерілді. 2021 жылы Реседің айлақты жалға алу мерзімін 2050 жылға дейін ұзартылды.

«1994 жылы жалға беру туралы шешім қабылданды. Бұл уақытта Қазақстанның экономикалық жағдайы ауыр болды. Еліміздің ғарыш айлағын күтіп-ұстауға және пайдалануға мүмкіндігі болған жоқ. Жалға беру шартына сәйкес Ресей Байқоңыр қаласын және ғарыш айлағын пайдалану құқығымен оны күтіп-ұстау жөнінде және ғарыш бағдарламаларын жүзеге асыруға міндеттеме алды», – деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

«Байқоңыр» кешенін жалға алған 27 жыл ішінде Ресей Қазақстан бюджетіне 3 млрд доллардан аса немесе жыл сайын 115 млн доллар доллар төлеген. Тараптар мүддесін ескере отырып, 2004 жылы кешенді жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылған.
Еске сала кетсек, 15 қыркүйек күні «Байқоңырдан» «Союз МС-24» ғарыш кемесі ұшырылды.

Сонымен қатар, ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин, сондай-ақ америкалық Франсиско Рубио бар бастаған ғарышкерлер тобы Халықаралық ғарыш станциясынан шығып, жуырда Қазақстанға қонады деп күтілуде. Олар 371 күн бойы ғарышта зерттеу жүргізіп, Халықаралық ғарыш станциясы тарихында рекрод орнатты. Прокопьев үшін бұл екінші ұшу, ал Петелин мен Рубио бірінші рет орбитада болды.

Сондай-ақ оқыңыз