Жаңалықтар

Дүниежүзілік банк Қазақстанға байлық салығын енгізуді ұсынды

Фото: kursiv.media

Дүниежүзілік банктің пікірінше, Қазақстан үкіметі байлық немесе мұра салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруы керек.

«Орта мерзімді уақытта үкімет байлық немесе мұра салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруы керек. Бұл реформа кірісті ұлғайтуға және меншікті капиталды жақсартуға бағытталмақ», – делінген Дүниежүзілік банктің баяндамасында.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, жеке табыс салығы реформасы негізгі шегерімді арттыру, қазіргі төмен бірыңғай мөлшерлеменің орнына прогрессивті салық құрылымын енгізу және капиталдан түсетін табыс салығы режимін жақсартуға бағытталуы тиіс.

«Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы салық режимі аса прогрессивті емес. Ол әсіресе жеке табыс салығы жүйесінен байқалады. Қазіргі өте төмен ЖТБ-ны өлшем-бөлшекті прокрессвті құрылымға айналдыруға болады», – делінген баяндамада.

Қазақстанда біраз уақыттан бері «сән-салтанат салығын» енгіз ұсынысы айтылып келеді.

Жақында Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі көбейтілген салық құнына қатысты бір шешімге келген еді. Енді 50 миллион теңгеден асатын көлік иелері мен 10 және одан да көп пәтері барлар көбейтілген салық төлейтін болады. Бұл туралы Сенатта вице-министр Азамат Әмрин мәлім еткен болатын.

ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров 6 млн теңгелік Macallan вискиінің мысалында байлық салығы қалай алынатынын түсіндіріп өтті. Оның айтынша, Үкімет осыған дейін қазақстандықтардың меншігінде қанша яхта, ұшақ, қымбат автокөлік бар екенін хабарлаған. Байлық салығы осыларға салынады.

«Байлыққа салынатын салық аясында қымбат алкогольді өнімдерден де алым алынады. Оны мың есе арттырамыз. Мысалы 50 жыл сақталған Macallan вискиінің құны 6 млн теңге. Қазір оның акцизі 700 теңге. Біз оны 10 есе арттырамыз, осылайша, құнының 10%-ы ретінде салық салынатын болады. Байлыққа салынатын салық халықтың белгілі бір тобына ғана арналады», деді Қуантыров.