Jusan Bank-қа еншілес компанияның басшылығында ауыс-түйіс болды

Жарияланды
Фото: shutterstock

First Heartland Jusan Invest брокерлік компаниясы директорлар кеңесінің басшысы ауысты, делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында.

Кадрларды ауыстыру туралы шешімді Жалғыз акционер — Jusan Bank қабылдады. Нұрдәулет Айдосовтың орнына директорлар кеңесінің жаңа төрағасы First Heartland Securities (Jusan Bank негізгі акционері) басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Ерке Нүркенов тағайындалды.

Нұркенов Jusan тобының құрылымында Ғалымжан Есеновке тиесілі Цеснабанктің Jusan Bank болып қайта құрылған мерзім- 2019 жылға дейін бұрынғы лауазымын атқарды.

2023 жылдың жазында First Heartland Securities Британдық Jusan Technologies компаниясынан Есеновтың бақылауына өтті, ол қазір 97,97%-на иелік етеді. Осылайша, топ қазақстандық юрисдикцияға оралды, оны қыстан бастап Бас прокуратура талап етті, ол 2020 жылы First Heartland Securities-ті Британдық компанияның бақылауына беру туралы келісімге қарсы шыққан болатын.

Назарбаев қорымен байланыстырылып келген Jusan Bankтің Ғалымжан Есеновтің иелігіне өтетінін жазған едік. «First Heartland Securities» АҚ иесі британдық «Jusan Technologies» компаниясы екендігі айтылған. Ал Акционерлер реестрінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес, Jusan Bank яғни «First Heartland Jusan Bank» АҚ акционерлері  «First Heartland Securities» АҚ (78,23%) мен Ғалымжан Есенов (19,67%) деп көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз