Соғыс басталғалы Қазақстанға 146 мың ресейлік қоныстанған: халықаралық көші-қонға ресейлік фактор қалай әсер етті?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2022 жылдың ақпанынан бастап халықаралық көші-қон жағдайына ресейлік фактор айтарлықтай әсер етті. Ресейдегі жағдай соңғы бірнеше онжылдықта Еуропадағы босқындар санының күрт өсуіне әкелді, дейді Экономикалық зерттеулер иниститутының жетекші ғылыми қызметкері Ғабит Матаев.

Салдарынан орыстардың өз елінен жаппай көшуі басталды. Бұл, өщ кезегінде қабылдаушы мемлекеттердің үкіметтері үшін сөзсіз бірқатар әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық проблемаларды тудырды.

Бүгінгі таңда техникалық және басқа да шектеулерге байланысты елінен кеткен ресейліктердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде олардың саны бірнеше жүз мыңнан басталып, 1 миллионнан астам адамға дейін жеткені айтылады.

«Бұл миграциялық толқынды Қазан төңкерісінен кейінгі және одан кейінгі Азамат соғысынан кейінгі «ақ эмиграция» толқынымен салыстыруға болады», дейді Ғабит Матаев.

Росстаттың ресми мәліметі бойынша, 2022 жылы Ресейден 622,9 мың адам көшіп кеткен, кеткендердің көпшілігі 40 жасқа дейінгі азаматтар.

РАНХиГС әлеуметтік талдау және болжау институты соғыс қимылдары басталғаннан кейінгі бірінші айда елден 150 мың адамның кеткенін хабарлады. Ал Ресей электронды байланыс қауымдастығы сол кезеңде елден кемінде 70 мың IT мамандарының кеткенін хабарлады.

Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 1-тоқсанында елден 3,8 миллион ресейлік кеткен, оның ішінде елге қайта оралғандары да бар. Бірақ соның өзінде бұл үлкен көрсеткіш. Статистикалық сауалнама нәтижелеріне сенсек, олардың 3% ғана «Отанына оралатыны» туралы айтқан.

Өткен жылы кем дегенде 155 мың Ресей азаматы Еуропа, Түркия және ТМД елдерінде уақытша тұруға рұқсат алғаны туралы мәліметтер бар. Росстаттың мәліметі бойынша, мигранттардың басым бөлігі ТМД елдеріне, аз бөлігі – Түркия, АҚШ, БАӘ, Сербия, Португалия және Кипрге кеткен. Кеткен ресейліктердің ең көп бөлігін Қазақстан, Грузия, Түркия және Армения қабылдады.

Қабылдаушы мемлекеттердің деректері бойынша 2022 жылы ЕО елдеріне қоныстанған ресейлік мигранттардың саны небәрі 36,3 мың адамды құрайды, посткеңестік елдер мен Түркияда ол әлдеқайда жоғары: Қазақстанда – 146 мың адам, Түркияда – 79 мың, Грузияда – 60 мың, Армения – 42 мың. Және де шамамен ЕО елдерінің барлығын қосқанда Израильге орыстардың қоныстанған саны бірдей.

Кеткен азаматтардың дені жоғары білімді. Бұл елдің мәдени-білім деңгейіне айтарлықтай әсер ететінін айтады ғалым.

«Әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері бойынша елден кеткен ресейліктердің 70%-ға жуығы жоғары білімді болса, елге келгендердің ішінде тек 15%-ы ғана жоғары білімді, мұның халықтың жалпы мәдени-білім деңгейіне әсер ететіні сөзсіз», дейді институт сарапшысы.

Сондай-ақ оқыңыз