Жаңалықтар

«Фитосанитария» мекемесінің бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

антикор
Фото: shutterstock

Ауыл шаруашылығы министрлігі Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», делінген баспасөз хабарламасында.

Белгіленген тыйымға қарамастан, ол кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құрып, оны басқарып келген және 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын осы мақсатта тегін пайдаланған.

Осындай әрекеттерімен күдікті мемлекетке 7,4 млн теңге залал келтірген.