Грузия ЕО-қа кандидат мәртебесін алуға әбден лайық- Грузия Премьер-Министрі

Жарияланды

Грузия елдегі реформаларды, қол жеткізілген прогресті және күрделі геосаяси жағдайды ескере отырып, Еуропалық Одаққа кандидат мәртебесін алуға лайық. Бұл туралы Грузия Премьер-Министрі Ираклия Гарибашвили мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Үкімет басшысының айтуынша, осы мәселе бойынша Еурокомиссияның теріс шешімі «Біз үшін, халқымыз бен еліміз үшін мүлдем қолайсыз және қорлау болып табылады».​​​​​​​

«Біреудің бізді қысып, артқы қатарға ауыстыруға тырысуы дұрыс емес. Өйткені Грузия алдыңғы қатарда болды және болады.Біз барлық бағыттар бойынша Молдова мен Украинадан озамыз. Бізде бұл елдерден салыстырмалы түрде озып кететін көптеген салалар мен бағыттар бар»,-деді премьер-министр.

Сондай-ақ оқыңыз