Семейде қазандықтарды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Жарияланды

Абай облысының әкімі жауапты басқарма және бөлім басшыларымен бірге Семей қаласының жылу желілерін тексерді. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

Атап айтқанда, тұрғын үйге келетін учаскелерді, магистральдық жылу желісінде, сондай-ақ «Ғаббасов» қазандығында болды.

Нұрлан Ұранхаев барлық қажетті жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Педагогикалық колледжінің концерт залының құрылысы барысына тексеру жүргізілді. Еске салсақ, биыл оқу орны жанынан екі қабатты ғимарат салынып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз