Apple жақында шыққан іPhone 15-тің бағдарламалық жасақтамасын жаңартпақ

Жарияланды

Фото: Apple

Apple Inc. жақында шыққан iPhone 15-тің бағдарламалық жасақтамасын жаңартпақ. Ол сматфонның шамадан тыс қызып кетуіне жол бермеуі тиіс. Бұл туралы MarketWatch хабарлайды.

Компания құрылғының қызып кетуін iOS17 операциялық жүйесіндегі қателікпен, сондай-ақ Instagram және Uber сияқты кейбір үшінші тарап қосымшаларының жұмысымен байланыстырады.

Instagram әзірлеушілері бұған дейін қосымшаны пайдалану кеззе iPhone 15 корпусы температурасының күрт көтерілуіне байланысты мәселені шешуге арналған бағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқасын шығарған болатын. Қазіргі уақытта смартфон өндірушісі басқа әзірлеушілермен проблемаларды талқылап жатыр.

Apple телефонның қызып кетуі жақтауының титаннан жасалғанымен байланысты емес екенін атап өтті. Бұған дейінгі үлгілерде ол тот баспайтын болаттан жасалған болатын.

Кейінгі үш тоқсанда компания өнімдерінің сатылым төмендеп барады. MarketWatch мәліметінше, iPhone 15-ті пайдаланудағы қазіргі қиындықтар смартфондардың сатылым көлеміне әсер етіп, қалыптасқан теріс тенденцияны одан әрі күшейтуі мүмкін.

Дүйсенбіде Apple акциялары нарыққа дейінгі саудада 0,7%-ға қымбаттады. Соңғы үш айда олардың құны 11,7%-ға, ал Nasdaq композиттік индексі осы кезеңде 4,1%-ға төмендеді.

12 қыркүйекте Apple компаниясы Купертинодағы штаб-пәтерінде iPhone-15-тің тұсаукесерін өткізді. Атап айтқанда, iPhone 15 және iPhone 15 Plus, iPhone 15 Pro, iPhone 15 Pro Max модельдері таныстырылды.

Phone 15 дисплейінің өлшемі 6,1 дюйм, iPhone 15 Plus 6,7 дюймді құрайды. Құрылғыларда 48 мегапиксельді құрайтын жаңа камера жүйесі орнатылған. Камераның ерекшелігі ол нейрондық желіге негізделген және пайдаланушы адамның немесе жануардың портретін түсірген кезде портрет режиміне автоматты түрде ауысады. Смартфон бес түрлі түсте шығарылады: жасыл, көк, қызғылт, сары және қара.

iPhone 15-тің компания белгілеген бағасы – 799 доллар, iPhone 15 Plus – 899 доллар.

Таныстырылым барысында Apple өзінің жаңа A17 Pro чипінің мүмкіндіктерін ерекшелей сөз етіп, чиптің ойын ойнау мүмкіндігін «артығымен» ұсынатыны айтылды.

Жаңа буынға қатысты жаңа сұхбатта Apple компаниясының басшылар триосы iPhone 15-тің мақтауын асырып, «әлемдегі ең жақсы ойын елшісіне» айналдыру жоспары туралы толығырақ айтты.

Apple алдағы 4-5 жыл ішінде Үндістандағы өндірісті бес есе арттыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз