АҚШ-та банкротқа ұшыраған шағын бизнес саны күрт өсті

Жарияланды

фото: kursiv.media

АҚШ-та банкроттыққа байланысты өтініш берген шағын бизнес саны пандемиядан кейінгі кездерден кейін рекордтық қарқынмен өсіп жатыр. Қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша, шамамен, 1,5 мыңға жетті. Бұл жайлы The Wall Street Journal хабарлады.

Америкадағы банкрот жайын зерттейтін институт өкілдерінің хабарлауынша, мұндай жоғарғы көрсеткіш 2022 жылдың тұтас көрсеткішімен пара-пар.

Шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылық жағдайының нашарлауы бірқатар факторлармен байланысты, олардың арасында инфляциямен күрес шеңберінде базалық пайыздық мөлшерлеменің өсуі де бар. Мұндай шаралардың теріс әсерін шағын бизнестің 73%-ы сезінген. Мұндай тоқтамға Goldman Sachs 1,5 мыңнан астам шағын кәсіпорын иелерінің сауалнамасы қорытындысы бойынша келіп отыр.

Сонымен қатар, шағын бизнестің өміршеңдігіне кері әсерін тигізіп отырған: кредиттеу стандарттарының қатаңдауы, операциялық шығындардың өсуі және пандемия кезінде енгізілген мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қысқартылуы сынды әсерлерді де айтуға болдады.

Equifax несиелік тарих бюросының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта МП арасында несиелер бойынша төлемдер мен дефолттардың көбеюі де байқалады. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі орташа деңгейден асып түскен.

Банкроттық жөніндегі адвокат Роберто Гонсалестің уақыт өте келе қарызы жоғары шағын бизнес кәсіпорындарының саны одан әрі артатынын айтады.

АҚШ-та шағын кәсіпорындардың келешегін бұлыңғыр көретіндер көп. Vistage Worldwide компаниясының қыркүйек айындағы сауалнамасының нәтижелері шағын бизнес иелерінің арасында алаңдаушылықтың артып келе жатқанын көрсетті. Бұл ретте 750 респонденттің 52%-ы АҚШ рецессияны бастан өткеріп жатыр деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз