Еуропадағы газ тапшылығы жалғасады. Нидерланды құрлықтағы ең ірі газ кен орнын жапты

Жарияланды

фото:  SCANPIX/REUTERS/Michael Kooren

Нидерландының Гронинген провинциясында орналасқан Еуропадағы ең ірі газ кен орны өндірісін тоқтатты. Бұл туралы ел билігі, 1 қазан күні, жексенбіде мәлімдеді. Бұл жайлы DW жазды.

Нидерланды Еуропадағы ең ірі газ кен орнын жапты. Оған басты себеп – антропогендік фактор. Агенттіктің жазуынша, Гронингендегі газ өндірісі үнемі жер сілкінісін тудырған. Сондықтан ел билігі табиғи апаттарға түрткі болған кен орнын ұзақ уақытқа жабуды жоспарлады.

Дегенмен тау-кен өндірісі тоқтағанына қарамастан, 1960 жылдары ашылған кен орнындағы он бір ұңғыма қатты қыста тағы бір жылға ашық қалатыны хабарланды.

Ел үкіметі «Белгісіз халықаралық жағдайға байланысты «мұнда газды жыл бойы өндіруге болады» өте ерекше жағдайларда», – деп түсіндірді Үкімет, мысалы,» өте қатты суық » немесе газ тапшылығы жағдайында. 2024 жылдың қазан айына дейін соңғы он бір ұңғыма «біржола жабылады».

Дегенмен ел үкіметі «болжауға келмейтін халықаралық төтенше жағдайларда» аталмыш тау-кен орны бір жылға дейін тағы газ өндіре алатынын айтты. Мәселен, мұндай төтенше жағдайлардың қатарына қақаған қысты жатқызды. 2024 жылдың қазан айына дейін соңғы он бір ұңғыма «біржола жабылады».

Соңғы жылдары Гронингенде газ өндірісінің көлемі біртіндеп төмендеді. 2021 жылы кен орнынан тек 4,5 миллиард текше метр газ өндірілді. Алдыңғы жылдары 20 миллиард текше метрден астам өнім өндірілді. Билік кен орнын өткен жылы жабуды жоспарлады, бірақ Ресейдің Украинаға басып кіруіне және Еуропадағы энергетикалық дағдарысқа байланысты бұл қадамды кейінге қалдырды.

Ауқымды газ өндіру жер сілкінісін тудырып отыр

Кен орнын жабу туралы шешім аймақта болып жатқан тұрақты жер сілкіністеріне байланысты қабылданды. Ақпаратқа сенсек, жер дүмпуіне толассыз газ өндіру түрткі болған. 2013 жылы кен орнында өнім өндіру, шамамен, 54 миллиард текше метрге дейін ұлғайтылды, дегенмен бір жыл бұрын Гронинген аймақ тарихындағы ең ауыр жер сілкінісінен зардап шекті.

2018 жылы тағы бір үлкен жер сілкінісінен кейін үкімет барлық өндірісті тоқтату туралы шешім қабылдады. Есепке алсақ, Гронингенде газ өндіру 1986 жылдан бастап 1600-ге жуық жер сілкінісіне себеп болған. Он мыңдаған ғимараттар бүлініп, жүз мыңға жуық адам зардап шеккен. Осы кезеңде кен орнынан шамамен 2,3 млрд текше метр газ өндірілді.

Шынын айту керек, Еуропадағы газға қатысты ұзақ мерзімді перспективалар бұлыңғыр. Гронинген көптеген жылдар бойы жылына 20-25 миллиард текше метр газ ұсынып келді. Мұның арқасында еуропалық нарықтың сұранысы қанағаттанатын. Ендігі кезекте газ кен орнынының өз жұмысын тоқтатуы еуропалықтардың сыртқы жеткізушілерге көбірек жүгінуіне әсер етіп отыр. Бұл жағдайда АҚШ, Катар және Алжир елдерінің өнімдеріне сұраныс артуы мүмкін. Әрі Еуропа газ нарығындағы бағалар да көпжылдық орташа мәндерден асып-жығылып, қымбаттайтыны белгілі.

Сондай-ақ оқыңыз