Астана әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты  11, 16, 18 қазан күндері жабылады

Жарияланды

Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы 11,16,18 қазан күндері жергілікті уақытпен 13:20 – 17:20 аралығында уақытша жабылады.

«Барлық әуе компанияларға әуежай әкімшілігі  27 қыркүйек күні радиограмма арқылы хабарлады және ұшу кестесіне өзгерістер енгізу туралы  алдын-ала келісілді.  Осы уақыт аралығында ұшу-қону жолағын ұшақтардың тежелуі кезінде пайда болатын резеңкелерден тазалау жұмыстары жүргізіледі. Тазалау жұмыстары жыл сайын көктем-жаз мезгілі аяқталғанда және күзгі-қысқы мезгілдің басталар алдын жүргізіледі және бұл ұшу- қону қауіпсіздігін қамтамасыз етеді»-делінген компанияның баспасөз қызметі.

«Тазалау жұмыстары халықаралық әуежайларда қолданылатын экологиялық таза тазалау құрылының көмегімен жүргізіледі. Тазалау жұмыстарынан соң ұшу-қону жолағындағы жолақтар қайта сырланады.Осы орайда Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстары үшін емес, резеңкеден тазалау мақсатында жабылатынына баса назар аударғымыз келеді»-дейді компания өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы биылғы жылдың 15 шілде-8 тамыз аралығында ағымдағы жөндеуден өткен болатын.

«Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстары үшін емес, резеңкеден тазалау мақсатында жабылатынына баса назар аударғымыз келеді»-делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ оқыңыз