Ғалымжан Есенов иелігіне өткен Jusan Bank-тің акционері KASE-ден кететін болды

Жарияланды

Jusan Bank-тің акционері «First Heartland Securities» KASE-де делистинг жасады/kursiv.media

Қазақстан қор биржасының ақпараттық бағанында Jusan Bank-тің акционері «First Heartland Securities» АҚ лицензиясының қолданылуы тоқтайтыны және қарапайым акцияларының epікті делистингіне жауапты тұлға тағайындалғаны хабарланды.

Компанияның жалғыз акционері Ғалымжан Есеновтың шешімімен «First Heartland Securities» АҚ лицензиясыньң қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті өтініш берілді. Айта кетерлігі, компаниядағы Ғалымжан Есеновке тиесілі толыққанды акциялар үлесі 97,98%-ға тең (8 262 711).

Сонымен қатар, компанияның қаржылық есебіне аудит жүргізуге қатынасатын аудиторлық ұйымды айқындау, жай акциялардың ерікті делистингіне қатысты мәселелер нақтыланған.

Шешімге сәйкес, «First Heartland Securities» АҚ лицензиясының қолданылуы тоқтатылуы ҚР заңы негізінде жүзеге асады. Ал компания есебіне тыңғылықты аудит жүргізетін ұйым ретінде «KPMG Аудит» ЖСШ-ны таңдалған.

Орайы келгенде айта кетейік, KPMG-аудиторлық, салықтық және консультациялық қызметтер көрсететін фирмалардың халықаралық желісі. Еске сала кетейік, аталмыш халықаралық аудиторлық компанияның еліміздегі энергетикалық станцияларға (тексеру 57 станцияда, оның ішінде 37 ЖЭО-да жүргізілген) техникалық аудит жүргізгенін бұрын мәлімдегенбіз.

Сонымен қатар, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-сындағы «First Heartland Securities» қарапайым акцияларының epікті делистингіне жауапты тұлға ретінде Ерке Нұркеновтің тағайындалғаны хабарланды. Естеріңізде болса, Ерке Нұркенов First Heartland Jusan Invest брокерлік компаниясы директорлар кеңесінің басшысы қызметіне тағайындалған-тұғын.

Нұркенов Jusan тобының құрылымында Ғалымжан Есеновке тиесілі Цеснабанктің Jusan Bank болып қайта құрылған мерзім – 2019 жылға дейін бұрынғы лауазымын атқарды.

2023 жылдың жазында First Heartland Securities Британдық Jusan Technologies компаниясынан Есеновтың бақылауына өтті, ол қазір 97,98%-на иелік етеді. Осылайша, топ қазақстандық юрисдикцияға оралды, оны қыстан бастап Бас прокуратура талап етті, ол 2020 жылы First Heartland Securities-ті Британдық компанияның бақылауына беру туралы келісімге қарсы шыққан болатын.

Назарбаев қорымен байланыстырылып келген Jusan Bankтің Ғалымжан Есеновтің иелігіне өтетінін жазған едік. «First Heartland Securities» АҚ иесі британдық «Jusan Technologies» компаниясы екендігі айтылған. Ал Акционерлер реестрінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес, Jusan Bank яғни «First Heartland Jusan Bank» АҚ акционерлері  «First Heartland Securities» АҚ (78,23%) мен Ғалымжан Есенов (19,67%) деп көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз