Шаруалардың 2813,7 га жеріне ERG-дің еншілес компаниясы геологиялық барлау жүргізеді

Жарияланды

ERG еншілес компаниясы Қарағанды облысында геологиялық барлау жүргізеді/ erg.kz

ERG тобына кіретін «ERG Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды облысындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізеді. Серіктестіктің кеніш барлау мақсаты үшін жалпы көлемі 2813,7667 гектар жер берілетіні жайлы қаулы жобасы жарияланды.

Eurasian Resources Group тобына кіретін ЖШС-інің Қарағанды облысында орналасқан пайдалы қазбалардың шоғырын анықтауы үшін Ақтоғай ауданындағы жер телімі сервитут негізінде берілетіні хабарланды. Құжатта бұған қатысты:

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «ERG Exploration»   жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 2813,7667 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 23 тамызына дейін жария сервитут белгіленсін, – деген жолдар бар.

Баршамызға белгілі, сервитут өзге біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы. Қаулыда Ақтоғай ауданынан 2813,7667 гектар жер телімін 2029 жылдың 23 тамызына дейін жария сервитут тәртібімен пайдалану көзделген.

Компанияға жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі:

дереккөз: legalacts.egov.kz

Кеніш іздеу жолында барланатын жер телімінің 712, 3 гектары «Дәулетбек» шаруа қожалығына, 868, 9 гектары «Бексұлтан» шаруа қожалығына тиесілі.

Еуразиялық Топ Қазақстан Республикасының аумағында мынадай өнірістік активтерді басқарады: «Қазхром»ТҰК» АҚ, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ), «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», АҚ «3-Энергоорталык»АҚ, «ТрансКом» ЖШС,«3-Энергоорталық» АҚ және «ERG Service» АҚ – жиынтығында Қазақстан экономикасына маңызды үлес қосатын еліміздің ірі кәсіпорындары.

ERG-хром құрамы бойынша жоғары көміртекті феррохром өндірісіндегі әлемдік көшбасшы және Еуразия аймағындағы темір рудасы мен алюминий өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі. Әрі Қазақстандағы жоғары маркалы алюминийдің жалғыз өндірушісі, мыс пен кобальттың негізгі жеткізушілерінің бірі.

Компанияның активтеріне мыс, кобальт, көмір, боксит, платина және флюорит, сондай-ақ логистика жатады.

Айта кетейік, «ERG Exploration» Eurasian Resources Group  тобына кіреді. Соңғысының акционерлері Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (40%), Алиджан Ибрагимов (20,7%), Александр Машкевич (20,7%), Патох Шодиев (18,6%).

Бұған дейін Еуразиялық топ компаниясы қытайлық BaoWu Resources және Power Construction Corporation of China компанияларымен 2 келісімшарт жасасқанын жазған едік. BaoWu Resources-пен жасалған меморандум Рудный қаласында ыстық брикеттелген темір өндірісін дамытуды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыз