Маск Starship ғарыш кемесінің Марсқа ұшу уақытын белгіледі

Жарияланды

Қайта пайдалануға болатын Starship ғарыш кемесі үш-төрт жылдан кейін Марсқа ұшуы мүмкін. Тиісті мерзімдерді SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск белгіледі, деп хабарлайды ТАСС.

Америкалық кәсіпкер Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан 74-ші Халықаралық астронавтикалық конгресс сессиясына онлайн форматта қатысты.

«Үш-төрт жыл. Менің ойымша, алдағы төрт жылда Марс бетіне экипажсыз сынақ жүргізуге болады», – деп жауап берді Маск тиісті сұраққа.

Оның айтуынша, қызыл планетада автономды жұмыс істейтін база құрылуы керек. Оған миллиондаған тонна жабдықтар мен ресурстар жөнелтілуі қажет.

Сондай-ақ оқыңыз