Мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзған 74 лауазымды тұлға 13 млн теңге айыппұл төлейді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Осы жылы Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатқан. Бұл жайлы Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура мемлекеттік органдардың әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалағанын, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялағанын анықтаған.

Сонымен бірге 85 млн теңгеге сатып алулар бойынша мемлекеттік органдар негізсіз «бір көзден алу» тәсілін қолданған.

Тек Алакөл ауданында осындай талаптарды бұзған 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Оның ішінде 4 ауылдық округтің әкімдері де бар.

«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алуды бұзу) бойынша жалпы сомасы 13 млн теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хбарламада.

Сондай-ақ оқыңыз