ҚНРДА құмар ойындар үшін несие алушыларға шектеу қоймақ: құжат жария талқыға шығарылды

Жарияланды
Елімізде құмар ойыншыларға несие беруге шектеу қойылмақ / коллаж: kursiv.media

ҚНРДА құмар ойындарға арналған несиелерді пайдалануды шектеуді ұсынады. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.

Қаулыға сәйкес, осы тармақтың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы деп соңғы 6 айда ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 теңгеден астам сомаға үш реттен көп төлем жасаған жеке тұлғаға несие беруге шектеу қойылады.

Бұл жоба азаматтарға құмар ойындарға қатысу үшін кредиттер беруді қатаңдату мақсатында ұсынылып отыр. Яғни құмар ойындарға тәуелділер үшін 0,25% деңгейінде қарыз жүктемесінің ең жоғары деңгейін енгізу жоспарланған.

Осы қаулы аясында ҚНРДА азаматтарға құмар ойындарға қатысу үшін микрокредиттер беруді де қатаңдатпақ.

«Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған, соңғы 6 (алты) айда 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам сомаға ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына үштен астам төлем жүзеге асырған тұлғалар тізімінде тұрған тұлғалар қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірісі негізінде айқындалады», делінген құжатта.

Яғни қарыз алушының ойын бизнесіне белсенді тартылғаны анықталса, қолданыстағы мерзімі өткен кредиті немесе микрокредиті бар тұлғалар тізімінде тұрған болса, микроқаржы ұйымдары оған несие рәсімдеуге қатысты оң шешім шығара алмайды.

Сонымен бірге қаулыда есірткінің заңсыз айналымы саласында банк өнімдерін пайдалану тәуекелдерін азайту мақсатында он және одан да көп төлем карточкаларын ұстаушылар және есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және транзиті қаупі жоғары елдердің резиденттері саналатын клиенттеріне қатысты, сондай-ақ клиент есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және транзиті мақсатында іскерлік қатынастарды пайдаланады деген күдік болған жағдайда,

Сонымен бірге қаулыда есірткінің заңсыз айналымы саласында банк өнімдерін пайдалану тәуекелдерін азайту мақсатында он және одан да көп төлем карточкаларын ұстаушылар және есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және транзиті қаупі жоғары елдердің резиденттері саналатын клиенттеріне қатысты, сондай-ақ клиент есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және транзиті мақсатында іскерлік қатынастарды пайдаланады деген күдік болған жағдайда,

Сонымен бірге қаулыда есірткінің заңсыз айналымы саласында банк өнімдерін пайдалану тәуекелдерін азайту тетігі де қарастырылған.

«Он және одан да көп төлем карточкаларын ұстаушылар және есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және транзиті қаупі жоғары елдердің резиденттері саналатын клиенттеріне қатысты, сондай-ақ клиент есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және транзиті мақсатында іскерлік қатынастарды пайдаланады деген күдік болған жағдайда… он және одан да көп төлем карточкаларын ұстаушылар болып саналатын Банктің клиенттері бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жібереді және банк клиенттерімен іскерлік қатынастарды тоқтатады», делінген құжатта.

Құжат 20 қазанға дейін талқылауда болып, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев шенеуніктердің казиноға баруына тыйым салынатыны жайлы хабарлады.

«Біз мемлекеттік қызметкерлердің казиноға барынуа тыйым қойғалы жатырмыз. Бұл норманы заңға әдеп жағынан енгіземіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңға байланысты жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы жұмыстар жүргізілгесін сізге нақты ақпаратты береміз», – деді агенттік төрағасы.

«Курсив» Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарына жаңа талап енгізілетінін, соған сәйкес құжат «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатқаны туралы жазған болатын. Құжатта қызметтік әдеп нормаларының талаптарын сақтау аясында  әскери қызметшілерді  ойын мекемелеріне барудан тартынуға ынталандыруға бағытталған  ұсынымдық сипаттағы нормаларды осы түзетулермен енгізу ұсынылды.

Өткен жылы Бас прокуратура ойынханаларға 507 миллион теңге салған 305 мемлекеттік қызметкерді анықтады. Ол тізімде Ішкі істер, Білім, Қаржы министрліктерінің, Жоғарғы Сот, Қаржы мониторингі агенттігінің, Антикордың және тағы да басқа орган қызметкерлері бар болып шықты.

Құмар ойынға әуестенген Қаржы министрлігінің 24 қызметкерінің үшеуі қатаң сөгіс алған. Ал үшеуі тағайындау мерзімінің өтуіне байланысты жаза алмаған. Тағы 7-уі ойынханада ұсталмай тұрып жұмыстан босатылған, қалған 9-ы казинода болған, бірақ құмар ойындарға қатыспаған, тағы 2 адам ол кезде министрлікте жұмыс істемеген болып шықты.  

Сондай-ақ оқыңыз