Тоқаев Ержан Сәденовке Щучье қаласында болған студент өлімінің себебін анықтауды тапсырды

Жарияланды

Тоқаев
Фото: Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы, Щучье қаласында болған студенттің жұмбақ қазасына қатысты Ішкі істер министріне тапсырма беріп, мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.

Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады:

«Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды. Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Щучьеде теміржол бойында 19 жастағы студенттің мәйіті табылған еді. Ақмола облыстық Көліктегі полиция департаменті нақтылағандай, жас жігіттің денесі Бурабай курорты – Жамантұз учаскесінен табылды.

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовты дүйсенбі күні қабылдаған болатын. ІІМ басшысы өз баяндамасында еліміз бойынша кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет беріп, көшелердегі қауіпсіздік деңгейінің артқанын атап өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз